Жаңалықтар

Сайлау процесі бастағаннан бері 40-тан астам заң бұзу фактісі тіркелді – Бас прокуратура

Сайлау процесі бастағаннан бері 40-тан астам заң бұзу фактісі тіркелді – Бас прокуратура

Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда сайлау қарсаңында жаң бұзу деректерін мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Айтуынша, осыған ұқсас заңсыздық Солтүстік Қазақстан облысында да тіркелген. «Тайынша ауданыны прокуроры қысқартылған іс жүргізу тәртібімен аудандық мәслихат депутаттағына кандидатқа Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 113-бабымен айыппұл салды. Дәл осы бап бойынша Атырау қаласында прокурор баспа басылымының иесін 12,5 АЕК көлеміндегі айыппұлға тартты. Батыс Қазақстан облысында кандидадттың арызы бойынша ауылдық округтегі мемлекет қызметкері үгіт жүргізу кезеңінде үгіттеу материалдарын таратқаны анықталды. Ол Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 122-бабының 1- бөлігімен жауаптылыққа тартылды. Кеше, яғни дауыс беру күнінің алдындағы күні Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде сайлаушлыарды қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың біріне дауыс беруге шақырып, сол үшін Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 102-бабы бойынша жазаға тартылды. Осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін Қарағанды қаласныың бір тұрғыны да аталған баппен әкімшілік жауаптылыққа тартылды», - деді Азамат Сарғазин. Сондай-ақ, ол дауыс беру күні бұқаралық ақпарат құралдарында сауалнама нәтижелері, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға және кандидаттарды қолдап дауыс беруге байланысты өзге зерттеулерді жариялауға жол берілмейтінін еске салды.