дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 12:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сайлаудың ресми қорытындысы шықпай жатып екі кандидат Тоқаевты құттықтап үлгерді

Сайлаудың ресми қорытындысы шықпай жатып екі кандидат Тоқаевты құттықтап үлгерді
ашық дереккөзі
Сайлаудың ресми қорытындысы шықпай жатып екі кандидат Тоқаевты құттықтап үлгерді
Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев пен Салтанат Тұрсынбекова Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
«Маған дауыс берген сайлаушылар үшін шын жүректен рахметімді айтамын. Саяси науқанда айтылған бағдарламам тек сайлаумен ғана тоқтамайды. Бағдарламамызды ары қарай жүзеге асырып, қарапайым халықтың өмірін жақсарту үшін бүкіл күш-жігерімді кү-жігерімді, өмірімді арнаймын», - деген Дайрабаев Тоқаевты жеңісімен құттықтады.
Ал Салтанат Тұрсынбекова әйел-саясаткердің мәртебесін жаңа деңгейге шығаруын өз жеңісі ретінде білетінін айтты.
«Менің сайлауалды бағдарламамның арқасында зорлық-зомбылық тақырыбы күн тәртібінен түскен жоқ. Электоралды науқанға қатысушылардың әрбірінің жүрегіне сөзім жетті деген ойдамын», - деген ол да шын жүректен Тоқаевты сенімді жеңісімен құттықтады.
Еске сала кетсек, дауыс беру аяқталғаннан кейін «Ашық қоғам» халықаралық аймақтық зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесін жариялаған еді. Оған сәйкес, дауыстар бөлінісі мынадай:
  • Қарақат Әбден – 2,54 пайыз;
  • Нұрлан Әуесбаев – 2,17 пайыз;
  • Жигули Дайрабаев – 3,33 пайыз;
  • Мейрам Қажыкен – 2,23 пайыз
  • Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,45 пайыз
  • Салтанат Тұрсынбекова – 2,08 пайыз
  • Бәріне қарсымын – 5,2 пайыз.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар