Сайлаудың ресми қорытындысы шықпай жатып екі кандидат Тоқаевты құттықтап үлгерді
Сайлаудың ресми қорытындысы шықпай жатып екі кандидат Тоқаевты құттықтап үлгерді
Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев пен Салтанат Тұрсынбекова Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Ал Салтанат Тұрсынбекова әйел-саясаткердің мәртебесін жаңа деңгейге шығаруын өз жеңісі ретінде білетінін айтты.
Еске сала кетсек, дауыс беру аяқталғаннан кейін «Ашық қоғам» халықаралық аймақтық зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесін жариялаған еді. Оған сәйкес, дауыстар бөлінісі мынадай:
- Қарақат Әбден – 2,54 пайыз;
- Нұрлан Әуесбаев – 2,17 пайыз;
- Жигули Дайрабаев – 3,33 пайыз;
- Мейрам Қажыкен – 2,23 пайыз
- Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,45 пайыз
- Салтанат Тұрсынбекова – 2,08 пайыз
- Бәріне қарсымын – 5,2 пайыз.