Жаңалықтар
Сайрамда өрт ішінен Мемлекеттік Туды алып шыққан жігіт төсбелгімен марапатталды
- авторjambylinfo.kz
- 20 шілде, 2022
- 378
Сайрамда өрт ішінен Мемлекеттік Туды алып шыққан жігіт төсбелгімен марапатталды
Сайрамда өрт ішінен Мемлекеттік Туды алып шыққан жігіт төсбелгімен марапатталды
Түркістанда бейбіт күннің батырлары «Түркістан облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Төсбелгі таққандардың ішінде батырлықтың нағыз үлгісін көрсеткен азаматтар бар. Солардың бірі - күні кеше ғана ерлігінің арқасында елге танылған Қансейіт Мұхаммед. Сайрам аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері Ақсукент ауылында орналасқан әрі өзі жұмыс істейтін ғимаратта болған өрт кезінде шатыр үстіндегі Мемлекеттік Туды оттан алып шықты . Ал, Жетісай аудандық полиция бөлімі миграция бөлімшесінің басшысы Аян Хайруллаев өзіне төнген қауіпке қарамай, бейтаныс кейуананы өрттің ортасынан құтқарып қалды. Кентау қаласы, №12 Өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Нұрғали Керімбеков су құбырына құлап кеткен 2 жастағы баланы алып шықты. Қазығұрт ауданының тұрғыны Мейірбек Рысбек әжетханаға түсіп кеткен 1 жастағы баланы құтқарып, елдің ықыласына бөленді. Ерлік жасау әркімнің қолынан келе бермейтіндігін айтқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бейбіт күннің батырларына құрмет көрсетті. Батыл азаматтар өңір басшысының ілтипатына ризашылық білдіріп, қоғамның дамуына қызмет етуге дайын екендерін жеткізді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Ninety one тобының мүшесі Zaq үйленді үйленді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 қаңтар, 2025