Жаңалықтар

«Сбербанк Қазақстан» атауы «Береке банк» деп өзгертіледі

«Сбербанк Қазақстан» атауы «Береке банк» деп өзгертіледі

Бұл туралы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев мәлімдеді. «Сбербанк Қазақстанға» міндетті түрде ребрендинг жүргізіледі және жаңа банк «Береке» деп аталады»,-деді ол. 1 қыркүйекте «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобы Сбердің Қазақстандағы еншілес банкі акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесін жасасуды аяқтады. Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттармен жасалған және барлық қажетті реттеушілік мақұлдаудан өтті. Банк өз клиенттері алдындағы барлық міндеттемені орындайды, бұрынғы клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарт өзгеріссіз қалады.