SCAT авиакомпаниясы бірқатар рейстің кешігуі мүмкін екенін ескертті
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 маусым, 2025
- 273

Бірқатар қалада SCAT компаниясының әуе кемелері құстармен соқтығысу салдарынан зақым алған. Осыған байланысты кейбір рейстің кестесіне уақытша өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz scat.airlines сілтеме жасап.
Ол жаққа жедел түрде резервтік әуе кемелері жіберіліп, сондай-ақ жоспардан тыс техникалық қызмет көрсету жұмыстары басталған.
Осыған байланысты Анталья – Астана және Ақтөбе – Анталья бағыттарында келесі өзгерістер болған:
"Антальяда резервтік әуе кемесінің келуін күту кезінде жолаушыларға қонақүйлерде тұру мерзімі ұзартылды. Ыңғайлы жағдайлар толық қамтамасыз етілді. Ұшу 2025 жылғы 23 маусымға жоспарланған.
Ақтөбеде ұшуды күтіп отырған жолаушыларға ыстық тағам және сусындар ұсынылуда. Компания өкілдері мен туроператорлар жолаушылармен тұрақты байланыста, кесте қажеттілікке қарай түзетілуде", - делінген хабарламада.
Сондай компания әуе кемелерінің қайта бөлінуіне байланысты 2025 жылғы 23 маусымда келесі бағыттарда рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті:
Алматы – Шарм-эш-Шейх;
Алматы – Анталья;
Анталья – Алматы.