Сегіз өңірде әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуі байқалуда
Сегіз өңірде әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуі байқалуда
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кей өңірлерде белгілі бір шектеулер әлі де қолданылып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты. «Эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейбір өңірлерде белгілі бір шектеулер әлі де қолданылып отыр. Биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша 7 негізгі көрсеткіштің ішінде бесеуі бойынша сегіз өңірде әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуі байқалуда. Олар – Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары», - деді Асқар Мамин. Үкімет басшысы бес өңірде 4 көрсеткіш бойынша оң динамика байқалатындығын айтты. «Олар – Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары. Солтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының қол жеткізген көрсеткіштері төмен», - деді Премьер-Министр.