жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Семейде 5 жасар бала бауырларын аман алып қалды

Семейде 5 жасар бала бауырларын аман алып қалды
ашық дереккөзі
Семейде 5 жасар бала бауырларын аман алып қалды
5 жасар бала "112" пультіне хабарласып, үйінен газдың иісі шығып жатқанын айтқан. Құтқару жасағы, сондай-ақ "102" және "103" қызметкерлері оқиға орнына бара жатқан сәтте, ТЖД диспетчерлері баламен бейнебайланыс арқылы байланыста болды. "Өрттің болмағанына көз жеткізіп, біз балаларға психологиялық көмек көрсетіп, 5 жасар баладан бөлмені желдету үшін терезелерді ашуын сұрадық",- деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. Келген құтқарушылар газ иісі шыққан құлыпталған үйден 5, 3, және 2 жасар үш баланы тапты. Қызметкерлер тез арада кіреберістегі есіктің құлпын бұзып, балаларды алып шығып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырған. Тексеруден кейін балалар ауруханаға жеткізіліп, оларға жеңіл дәрежелі көмірқышқыл газымен улану диагнозы қойылды. Қазір олардың жағдайы тұрақты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар