Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті
Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді.
Семей қаласының Шығыс кентінде жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде ана мен баланы қағып кетті, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz https://aikyn.kz/ cілтемме жасап.
Семей қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер медициналық тексеруден өтіп, үйлеріне қайтарылған. Полиция департаменті көлік жүргізушісінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.