Жаңалықтар

Семейде оқушы мектеп асханасында көз жұмды

Семейде оқушы мектеп асханасында көз жұмды

Семейде 13 жастағы оқушы мектеп асханасында тамақтану кезінде қайтыс болды деп хабарлады Jambylinfo.kz  turkystan.kz сілтеме жасап.

Абай облысы білім басқармасының мәліметінше, оқушы түскі ас кезінде есінен танып қалған. Оған алғашқы медициналық көмек дереу көрсетілген. Алайда бала жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша бала тамақтың ірі кесектеріне шашалып, тыныс алу жолдарының жабылуына байланысты механикалық асфиксиядан көз жұмған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды.