Семейде шырша безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің беті бері қарады
Жан сақтау бөлімінде жатқан ұстаз есін жинаған
Қуат Айтқали Семей қаласындағы №49 мектепте мұғалім болып жұмыс істейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жазушы, ұстаз Қуат Айтқалидің қазіргі жағдайы туралы журналист Оңғар Қабден фейсбук желісіндегі парақшасына жазған.
Айта кетейік, Қуат Айтқали 1993 жылы 31 қазанда Жарма ауданы Белтерек ауылында дүниеге келген. Республикалық, облыстық аудандық бірнеше жыр мүшәйраларыынң жеңімпазы. «Алақұлын, «Бір кесе мұң», « Ажал иесі» атты әңгімелердің авторы.