Жаңалықтар

Семейдегі 4 жасар баланың өлімі: мәйітті дәретханға лақтырып жіберген

Семейдегі 4 жасар баланың өлімі: мәйітті дәретханға лақтырып жіберген

Семейде күтушінің күйеуі төрт жасар баланың мәйітін жолдың бойындағы дәретханға лақтырған. Бұл туралы «НеМолчиKZ» қоры әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Қордың хабарлауынша, оқиға қыркүйектің басында болған. Halyq Uni сайтының мәліметінше, анасы баланы күтушіге қалдырып кеткен. Қайтып келгенде күтуші баланың танысының үйінде екенін айтқан. Кейін баланың қайтыс болғаны белгілі болды Күтушінің айтуынша, бала ұстамадан қайтыс болған. Күйеуі қылмыс ізін жасыру үшін сәбидің мәйітін спорттық сөмкеге салып, тасжолдың бойындағы әжетханаға лақтырып жіберген. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.