Жаңалықтар

Семейдегі ЖЭО-да өрт шықты

Семейдегі ЖЭО-да өрт шықты

Құтқарушылар мен әскерилер Семей қаласының 1-жылу электр орталығындағы қазандыққа көмірді қолмен салып жатыр. ТЖМ мәліметінше, желтоқсанның 14-нен 15-не қараған түні сағат 00:34-те қаладағы ЖЭО-да ұзындығы 6 метр алаңда транспортер лентасы мен электр кабельдері жанған. «Өрт салдарынан қатты отын – көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылды. Сағат 10:00-ден бастап Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрліктері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері үздіксіз режимде қазандық агрегаттарына қатты отынды қолмен салу жұмыстарын бастады», делінген хабарламада.