Семейдің құтқарушылары құлаған шатырдың үйінділерінің астынан әйел мен баланы аман алып шықты.
- авторjambylinfo.kz
- 5 сәуір, 2023
- 219
Арызданушының айтуынша, үйде балалар болған, деп хабарлайды Жамбылинфо Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Шақырту орнына жеткенде сағат 09:42-де қонақ бөлмеде тұрғын үйдің шатыры опырылып түскені анықталды. Құтқарушылар бірден барлауға кірісті.
Құтқарушылар барлау кезінде үйінді астынан 1982 жылы туған әйел мен 2022 жылы туған кішкентай баланы алып шықты. Құтқару бөлімшелері келгенге дейін үй иесі мен оның 2012 жылы туған қызы өз бетімен шығып, көршісі 2020 жылы туған баланы аман алып қалды», - делінген хабарламада.
Жедел жәрдем дәрігерлерінің тексеруінен кейін зардап шеккендердің барлығы Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз