Жаңалықтар

Семейлік тұрғындар жылумен қамту мәселесіне шағымдануда

Семейлік тұрғындар жылумен қамту мәселесіне шағымдануда

Семейдегі Энергетик ықшамауданында тұрғындар жылу мәселесіне шағымданды, деп жазады Жамбылинфо "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап. 

Қала әкімшілігінің хабарлауынша, бұл жағдай арнайы жүйенің істен шығуына байланысты болған.

Облыстық әкімдік өкілдерінің мәліметінше, бұл жүйенің істен шығуына байланысты төрт қазандық қондырғысының жұмысында ақау байқалды.

"Теплокоммунэнерго" МКҚК қызметкерлері жылу көзінің ақауын жою және қалыпты режимде жұмысын қалпына келтіру бойынша қажет шараларды істеп жатыр.