Жаңалықтар

Сенатор «цифрлық аутизм» туралы: Қолына смартфон ұстап туған буын өмірге келді

Сенатор «цифрлық аутизм» туралы: Қолына смартфон ұстап туған буын өмірге келді

Ата-аналардың 65 пайызы балаларына 3-5 жастан гаджет ұстатады. Бұл туралы сенатор Нұртөре Жүсіп айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Осы орайда ол елімізде тілі кеш шығатын балалар көбейіп бара жатқанын айтты. «Жеті атасын жатқа білетін ұрпақ орнына жеті ауыз сөзді әзер айтатын толқын пайда болды. Скринэйджер, зуммер, немесе Z – ұрпақ – өз өмірін электронды құрылғысыз елесетете алмайтын жаңа буын. Ата-аналардың 65 пайызы балаларына 3-5 жастан гаджет ұстатады. Бір сөзбен айтқанда, қолына «смартфон ұстап туған» буын өмірге келді», - деді депутат. Сенатор гаджетизация мен заманауи технологияға қарсы тұру да дұрыс емес екенін айтты. Депутат осыған байланысты мектептер мен балабақшалардағы ата-аналар комитеттеріне, сондай-ақ салалық үкіметтік емес ұйымдарға киберманияның зияны туралы белсенді түрде айтып беруін ұсынды. Н. Жүсіп өскелең ұрпақтың денсаулығына бақылау жүргізуге тікелей байланысты ұсыныстарын да ортаға салды.