дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 16:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сенаттың жалпы отырысы Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды

Сенаттың жалпы отырысы Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды
ашық дереккөзі
Сенаттың жалпы отырысы Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды
Қарағанды облысындағы шахтада орын алған қайғылы жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Осы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен елімізде Жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Бұдан былай қайғылы оқиғаға себепші болған «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен еліміз инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатады. Президент тапсырмасына сәйкес, зардап шеккен азаматтарға жан-жақты қолдау жасалады. Расымен, осындай қиын сәтте қоғам болып жұмылудың және өзара демеу болудың маңызы зор. Сондықтан мезгілсіз қайтыс болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына Сенаттың атынан тағы да көңіл айтып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алайық, - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында апат болып, 46 кенші қаза тапқан болатын.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар