Жаңалықтар

Сенбілікке қала тұрғындары белсенді атсалысып жатыр – әкім

Таразда екі айлық сенбілік аясында канал тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Игі шараға қала тұрғындары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысып, шаһар шырайын келтіру үшін іске білек сыбана кірісті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Наурыз айында қалада 2 айлық сенбілік жарияланған. Содан бері Таразда әр сенбі тазалық жұмыстары жүргізіледі. Бүгін қала халқы сайманын ұстап, сайға түсті. Осылайша шаһардағы Сеңкібай, Түйте, Қапал арналары тазаланды. Қала әкімі Бақытжан Орынбеков былтырға қарағанда биыл шаһар тұрғындарының белсенділігі жоғары екендігін атап өтті.