жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 18:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сергекті серік еткен ҚАЖ қызметкерлері

Сергекті серік еткен ҚАЖ қызметкерлері
ашық дереккөзі
Сергекті серік еткен ҚАЖ қызметкерлері
Сергекті серік еткен ҚАЖ қызметкерлері Қазіргі таңда спортпен шұғылданамын деген адамға мүмкіндік көп. Тек уақыт пен талап, тұрақты айналысу үшін тәртіп керек. Салауатты өмір салтын ұстанып, тән саулығын бір қалыпта сақтау үшін кәсіби спортшы болу міндетті емес. Мәселен, өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері қиындығы мол қызметте жүрсе де, күнделікті спортпен шұғылдануды естен шығармақ емес. Әрине, күш-қуаты бойына сыймай, қандары қыз-қыз қайнап жүретін жалынды жас қызметкерлердің спортты серік етуі қуантады. Оның үстіне, құқық қорғау салаларында қызмет ететін жігіттердің бойынан патриоттық рух пен спортқа деген адалдықтың болуы айрықша атап өтуге тұрарлық қасиет. Қауырт жұмыстан уақыт тауып, бұқаралық спортпен айналысуы сүйсінтеді. Қорыта айтқанда, қырандай қырағы, тұлпардай текті, бөрідей жүректі жігіттердің ҚАЖ саласында қызмет етіп қауіпсіздігімізді қамтамасыз етумен қатар, спортқа адалдық танытуы ғажап іс. Келешекте егемен еліміздің тұтқасын ұстайтын бүгінгі өскелең ұрпаққа нағыз үлгі де осы емес пе?!
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар