Жаңалықтар

Серік Күдебаев Түркияда ұсталып, елге жеткізілді

Серік Күдебаев Түркияда ұсталып, елге жеткізілді

Серік Күдебаев ұсталып, елге жеткізілді, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы аясында БАҚ өкілдері Бас прокурор Берік Асыловтан: «Күдебаевтың ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені жайлы ақпарат рас па?» деп сұраған еді. «Иә», - деп жауап берді Бас прокурор. Сонымен қатар ол Серік Күдебаевтың Түркиядан жеткізілгенін де айтты.