сәрсенбі, 2 қазан, 2024 0:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Серік Жұманғарин ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды

Серік Жұманғарин ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Серік Жұманғарин ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды. Серік Жұманғарин 1969 жылы 22 шілдеде дүниеге келген. Білімі: 1993 ж. – Мәскеу энергетикалық институтын «Жылуфизика» мамандығы бойынша бітірген. 1997 ж. – Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген. 2013 ж. – Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент» мамандығы бойынша бітіріп, іскери әкімшілдендіру магистры атағын алған. Еңбек жолы: 1993-1994 жж. – «Тынай» ШЖК-ның коммерциялық директоры. 1994-1995 жж. – «Медкорп» ШЖК-ның директоры. 1995-1998 жж. – «АСБ» ЖШК бас бухгалтері, директоры. 1998-2000 жж. – «Атырау МӨЗ» АҚ-ы өкілдігінің директоры. 2000-2003 жж. – «Компания Global» ЖШС-ның коммерциялық директоры. 2003-2004 жж. – «Корпорация «Батыс Ойл Газ» ЖШС-ның бас директоры. 2005-2006 жж. – Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары. 2006 жылдың сәуір-желтоқсаны – Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы. 2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі басқармасы басшысының орынбасары. 2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі басқармасының басшысы. 2008 жылдың наурыз-маусымы– Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі департаментінің директоры. 2008 жылдың маусымы – 2010 жылдың сәуірі – Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің сауда комитеті төрағасының орынбасары. 2010 жылдың сәуір-шілдесі – «Қазақстан келісімшарт агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2010 жылдың шілдесі– 2011 жылдың қарашасы – «NadLoc жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары. 2012 жылдың наурыз-шілдесі – Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігінің өңірлік саясат және бюджетаралық қатынас департаментінің директоры. 2012 жылдың шілдесі – 2013 жылдың қаңтары – Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігінің өңірлік даму комитетінің төрағасы. 2013 жылдың қаңтары – 2014 жылдың тамызы – Қазақстан Республикасы өңірлік даму министрінің орынбасары, вице-министр. 2014 жылдың тамызы – 2017 жылдың қаңтары – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы. 2017 жылдың 19 қаңтарынан 2019 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі. 2019 жылдың 21 мамырынан - Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі. 2020 жылғы 14 қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы. 2022 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Мемлекеттік наградалары: «Астананың 10 жылдығы» медалі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»,«Құрмет» ордені.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар