Жаңалықтар
Сеулде Қазақстан азаматы автобус жүргізушісін пышақтады
- авторjambylinfo.kz
- 12 тамыз, 2023
- 563
Сеулде Қазақстан азаматы автобус жүргізушісін пышақтады
Полиция Кёнбу жедел жолының қақ ортасында автобусты бөгеген және қоғамдық көлік жүргізушісіне шабуыл жасап, оны жарақаттаған 50 жастағы қазақстандық әйелді ұстады.
Әйел 10 тамызда Сеулдегі Ганнам-гу қаласында автобустың алдынан шығып, көліктің терезе жуғыш жабдығын сындырмақ болған. Жүргізуші автобустан түскен кезде пышақпен тап беріп, кейін қашып кеткен. Бірақ ол 11 минуттан кейін ұсталды.
Жүргізушінің қолы кесілген, оған қажетті медициналық көмек көрсетілген.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр және ұсталған әйелдің денесінде есірткінің бар-жоғын тексеруді жоспарлап отыр.
Дереккөз: sputnik_aitady телеграм парақшасы
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстанда “Жасанды интеллект туралы“ жаңа заң күшіне енді
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 қаңтар, 2026
Жаңалықтар
ТЖМ Крещение шомылуы кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ескертті
- авторjambylinfo.kz
- 18 қаңтар, 2026






