Жаңалықтар

Сеулде Қазақстан азаматы автобус жүргізушісін пышақтады

Сеулде Қазақстан азаматы автобус жүргізушісін пышақтады

Полиция Кёнбу жедел жолының қақ ортасында автобусты бөгеген және қоғамдық көлік жүргізушісіне шабуыл жасап, оны жарақаттаған 50 жастағы қазақстандық әйелді ұстады.  Әйел 10 тамызда Сеулдегі Ганнам-гу қаласында автобустың алдынан шығып, көліктің терезе жуғыш жабдығын сындырмақ болған. Жүргізуші автобустан түскен кезде пышақпен тап беріп, кейін қашып кеткен. Бірақ ол 11 минуттан кейін ұсталды.  Жүргізушінің қолы кесілген, оған қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр және ұсталған әйелдің денесінде есірткінің бар-жоғын тексеруді жоспарлап отыр. Дереккөз: sputnik_aitady телеграм парақшасы