сенбі, 28 желтоқсан, 2024 23:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үш айда Қазақстаннан Ресейге ақша аударымдары 68,9%-ға өсті

Үш айда Қазақстаннан Ресейге ақша аударымдары 68,9%-ға өсті
ашық дереккөзі
Үш айда Қазақстаннан Ресейге ақша аударымдары 68,9%-ға өсті
Биыл бірінші тоқсанда қазақстандықтардың Ресейге ақша аударымдарының көлемі 48,1 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Жамбылинфо  ranking.kz порталына сілтеме жасап. Биыл қаңтар-наурыз айларында Халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы шетелге бағытталған қаражат көлемі 182,9 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға аз. Бірінші тоқсанда ақша көлемнің қысқаруы осымен екінші жыл қатарынан тіркеліп отыр. Бұл ретте керісінше транзакциялар ағыны 28,2%-ға өскен. Жалпы, Халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы Қазақстаннан ең көп қаражат көлемі Түркияға бағытталған. Бұл мемлекетке қазақстандықтар қаңтар-наурыз аралығында 54,4 млрд теңге аударған. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда бұл 4%-ға көп. Одан кейінгі орында Ресей тұр. Оған бірінші тоқсанда 48,1 млрд теңге аударылған. Былтырмен салыстырғанда ол 68,9%-ға артық. Үштікті 32,3 млрд теңгені аударым сомасымен Өзбекстан түйіндейді. Дегенмен бұл өткен жылға қарағанда 15,5%-ға аз. Сонымен қатар, Қазақстаннан қаражаттың едәуір көлемі Грузияға (18,7 млрд теңге) және Қырғызстанға (6 млрд теңге) жіберілген. Сәуір айының қорытындысы бойынша ақша аудару қызметінің құны бір жылда 0,2%-ға ғана өсті. Былтыр ол 1,3%-ға қымбаттаған болатын. Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/ush-ayda-kazakstannan-reseyge-aksha-audarymdary-68-9-ga-osti_a4066298
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар