Жаңалықтар

Үш айда пәтер ұрлығы бойынша 25 қылмыстық топ құрықталды

The final spritzer

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Алматы қаласында криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

ІІМ пәтер ұрлығын азайту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Соңғы бес жылда оның саны 14 мыңнан 6 мың дерекке дейін, яғни екі жарым еседей азайды. Жыл басынан бері пәтер ұрлығының тіркелуі 30%-ға төмендеген.

.Айлакер ұрылардың қылмыстық әрекетінің жолын кесу бойынша шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.
 

2025 жылдың үш айында ел бойынша пәтер ұрлығын жасағаны үшін 25 қылмыстық топ ұсталды. Ұрлыққа жол бермеу үшін ІІМ қарапайым әрі тиімді қауіпсіздік шараларын ұсынады: есікке сапалы құлып, терезелерге торлар орнатып, дабыл жүйесі мен бейнебақылау камераларының мүмкіндіктерін қолдануға болады. Әлеуметтік желілерде қолда бар ақша жинақтары мен зергерлік бұйымдар, материалдық құндылықтар және оларды сақтау орындары туралы ақпаратты жарияламаған абзал.