жексенбі, 6 қазан, 2024 9:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үш күнде қар құрсауынан мыңнан астам адам құтқарылды

Үш күнде қар құрсауынан мыңнан астам адам құтқарылды
ашық дереккөзі
Үш күнде қар құрсауынан мыңнан астам адам құтқарылды
10 желтоқсаннан бастап Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, кейбір өңірлерде экстремалды жағдайлар байқалды, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін трассаларда полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіппен қызмет етуде. Кейбір аймақтардың жолдарындағы патрульдік экипаждар саны 2-3 есеге көбейтілді. "ҚазАвтоЖол" мен полицияның ескертулеріне қарамастан кейбір жүргізушілер трассаларға шығып кетіп, тек полицейлердің көмегімен ғана қайғылы оқиғалардың алдын алатын жағдайларға тап болып жатқаны да кездесуде.
Жолдарда суыққа тоңған 1012 адам құтқарылды. Оның ішінде 25 бала. 1100 жүргізушіге көмек көрсетілді, - делінген хабарламада.
12 облыста халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың учаскелері жабылды. Барлығы 100 учаскеден астам. Жұмыс істеп жатқан жылыту пунктерінің саны – 500.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар