Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына бүгін - 164 жыл
Бүгін, яғни 11 шілде күні ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниеге келгеніне тура 164 жыл толды. Халық жауы ретінде жарты ғасырдан астам уақыт бойы шығармашылығына тыйым салынған ақынның есімі 1988 жылы толық ақталған.
Адамдық борышың - халқыңа еңбек қыл... Мен қазақпын деген естінің өмірлік мақсат-міндетін екі-ақ ауыз өлеңге сыйғызған ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылдың 24 шілдесі күні бұрынғы Семей облысы Абай ауданында туған. Шәкәрім - ұлы Абайдың немере інісі, Құнанбайдың бәйбішесі Күнкеден туған Құдайбердінің баласы. Әкесі бар болғаны 36 жасында мезгілсіз қайтыс болған уақытта Шәкәрім жеті жастағы бала болған.
Атасы Құнанбайдың бауырында өсіп, ағасы Абайдың тәлімін көрген Шәкәрімнің өлең-жырларына адамдық пен елдікті ту етуіне, ұлттың жоғын жоқтауына алдыңғы алғыр буынның тәрбиесі негіз болғаны сөзсіз. Жасынан сауат ашқан жалынды жас араб, көне түркі, парсы, орыс тілдерін білген.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала