Жаңалықтар

ШҚО-да 150-ге жуық баланы кене шақты

ШҚО-да 150-ге жуық баланы кене шақты

Мамыр айының мәліметіне сүйенсек, кене энцефалитін жұқтыру жағдайлары тіркелмеді. Әйтсе де бірқатар ауданда дәрігерлер көмегіне жүгінген тұрғындар азайған жоқ, - деп хабарлайды Жамбыл инфо Massaget.kz-ке сілтеме жасап Өңір бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған ақпаратта биылғы көрсеткіш былтырмен салыстырғанда төмен екендігі жазылған. Кене шаққан 446 адамның 144-і 14 жасқа дейінгі балалар. Жауапты тұлғалар былтыр мамыр айының басында 705 адам шаққыштардан зардап шеккендігін мәлімдед. Профилактикалық мақсатта 423 адам иммуноглобуллин алса, 23 тұрғын әлі ақ халаттылар алдына келмепті. Бірі дәрігер көмегінен үзілді-кесілді бас тартса, енді бірі кеш барған. "Облыс бойынша бұрыннан бері кене қаптайтын орындар деп Катонқарағай, Глубокое, Алтай, Зайсан, Ұлан, Шемонаиха, Самар аудандары және Өскемен мен Риддер қалаларының маңы айтылады. Бүгінде жәндіктердің шағуы мен энцефалиттен қорғайтын иммуноглобуллин мөлшері медициналық мекемелерде жеткілікті", – деді ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департменті өкілдері. Мамандар көп жағдайда ауыл жұрты мұндай жайтпен жиі ұшырасса да, дәрігерлер көмегін алуға асықпайтындарын жеткізді. Асыл Бигелді