ШҚО-да алдағы 3 күнде қар көшкіні жүруі мүмкін
ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 11-14 ақпан аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар. «Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, - деп хабарлады ведомство өкілдері. Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қалың мал қай өңірде қымбат?
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






