ШҚО-да студент пен оқушы суицид жасады
Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысында екі жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті облыстық білім басқармасы растады. YK-news.kz-тің жазуынша, Риддердегі мектептердің бірінің оқушысы мен Алтай қаласындағы колледждің студенті өз-өзіне қол жұмсаған. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбектің кәмелетке толмағандардың өлімі фактісін растады. Олар студент және 6-сынып оқушысы. «Оқу кезінде емес, демалыс күндері балалар үйінде жүрген кезде болған, бұл суицид пе, жоқ па - оны полиция анықтайды», - деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






