Жаңалықтар

ШҚО-да жоғалған қыз табылды

ШҚО-да жоғалған қыз табылды

Полиция дерегінше, 7 қарашада Өскемен қаласы ПБ Ертіс ПБ-нің кезекші бөліміне 39 жастағы қала тұрғыны келіп, 15 жастағы қызын іздеуге көмек сұраған. Анасының айтуынша, 3 қарашада қыз әкесіне кетіп, үйіне оралмаған. Ұйымдастырылған  жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының қызметкерлері жоғалған қыздың орналасқан жерін анықтады. Осы уақыт бойы ол құрбысының үйінде болған. Бойжеткен 3 қараша күні сағат 14:00 шамасында үйден шығып, бөлек тұратын әкесіне барып қайтатынын айтқан. Біраз уақыттан кейін ол әкесіне құрбысының үйіне түнейтінін айтып, сұранған, кейіннен телефонын өшіріп, байланысқа шықпаған. Үйге оралғысы келмеген.