Жамбылда ауа-райының қолайсыздығына байланысты оқушылар қашықтан білім алады
Жамбыл облысы мен Тараз қаласындағы мектептердің 1 ауысымында оқитын оқушылар үшін сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Мұндай шешім Оқу-ағарту министрлігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №42 бұйрығы негізінде және Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ескерту хатына сәйкес қабылданған. "Қолайсыз ауа райы жағдайында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында 2025 жылдың 22 қаңтары күні қаладағы мектептердің 1-ші аусымында оқитын оқушылар онлайн форматта білім алады", - деп жазылған жауапты ведомствоның хабарламасында.
Ал қаладағы балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді.
Келесі мақала