Жаңалықтар

"Шұғыл": Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары отставкаға кетті

Бұл туралы Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады

Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен Талғар әкімінің орынбасары Матан Сағындық қызметінен босатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

"Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Талғар әкімі - Күрішбеков Бақыт Қуатбекұлы, Талғар әкімінің орынбасары - Матан Сағындық атқаратын лауазымдарынан босатылды", - делінген хабарламада.

Қазір басқа да әкімдік қызметкерлерінің жауапкершілігі қарастырылып жатқаны хабарланды.

Еске салайық, Бақыт Күрішбеков 2022 жылы маусымда өткен Талғар әкімін сайлауда жеңіске жеткен болатын.