Ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалған студенттің оқу ақысын Қызылорда әкімдігі төлейді
Ол қазір интернатурада оқиды.
Облыс әкімі болашақ дәрігер Дінмұхаммед Бектұрғанның ата-анасын жеке қабылдап, «Алғыс хат» табыстап, зор ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Нұрболат және Ғалия Нұрсейітова баласына жақсы тәрбие беріп, ұлының медициналық университетте ақылы түрде білім алуына еңбек етіп жүрген жандар. Қазіргі таңда Дінмұхаммед 7-курс студенті. Ол тағы 3 жыл резидентура оқуға ниетті.