Жаңалықтар

Ұшақтардың рейске кешігіп шығуы техникалық себептерге қатысты

Ұшақтардың рейске кешігіп шығуы техникалық себептерге қатысты

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев ұшақтардың әуежайдан кешігіп шығуы мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Сонымен қатар ол ұшақтардың техникалық себептерге байланысты да кешігуі мүмкін екенін, осы орайда жолаушылар шыдамылық танытуы керек екенін айтты. «Air Astana компаниясы әлемдік талаптарға сай екені белгілі. Ұшақтардың рейске кешігіп шығуы техникалық себептерге қатысты болып жатады. Осы орайда техникалық себептер түрлі сипатта анықталады, яғни ұшаққа құстардың соғылуы немесе датчиктің істен шығуы секілді жағдайлар болады. Бұл тұрғыда Air Astana ұшақтың техникалық жасақталуына 100 пайыз сенімді болған жағдайда ғана сапарға шығады. Сондықтан ұшақ кешігіп жатса, онда шыдамдылық танытуға шақырамын. Өйткені бұл жұмыстар жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жүргізіледі», - деді министр.