жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 16:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шағын футболдан турнир өтті

Шағын футболдан турнир өтті
ашық дереккөзі
Шағын футболдан турнир өтті
Бүгін Сортөбе ауылдық округінің М.Мәметова атындағы № 17 орта мектебінде ауыл жастары арасында «Бірлігіміз жарасқан» ұранымен футболдан турнир өтті. Ауыл тұрғындары қатысқан жарыстар салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ этносаралық келісімді сақтау және нығайту мақсатында өтті. Ойын алаңында қатысушылардың жеңіске ұмтылысымен қатар, өзара достық қарым-қатынастары мен ұйымшылдықтары байқалды. Ойын қорытындысы бойынша жарыстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, кубоктармен, дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, этносаралық келісім мен бірлікті нығайту бағытында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан азаматтарға аудан әкімінің алғыс хатты табыс етілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар