жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шағын және орта бизнес иелері субсидия ала бастады

Шағын және орта бизнес иелері субсидия ала бастады
Фото: pixabay.com
Шағын және орта бизнестің қабылданған жобаларына субсидия төлеу үшін Үкімет қаражат бөлді.

 Ал «Даму» Қоры кәсіпкерлерге қаражат аударуға кірісті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Қазір мемлекет қажет қаражатты толық бөлді. Осы жылдың соңына дейін біз мойнымыздағы міндеттемелерімізді толық орындап бітеміз. Қордаланған берешектер қазірдің өзінде өтеліп жатыр, ал ШОБ бұған дейін төлеген пайыздар бойынша субсидия ала бастайды. Банктерге барлық төлемдер толық аударылады. Осылайша, берешекке байланысты ШОБ мәселелері толық шешіледі. Жыл соңына дейін біз барлық міндеттемелерді орындаймыз», - деді Қордың Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов.

Бұл ретте 2025 жыл ішінде кідірістер барлық өңірде бірдей болмағанын атап өту маңызды. Атап айтқанда, Алматыда Жергілікті атқарушы органның қолдауының арқасында уақтылы төленіп келді.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар