жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретіндердің бәрі қатаң жауапқа тартылады - Тоқаев

Шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретіндердің бәрі қатаң жауапқа тартылады - Тоқаев
ашық дереккөзі
Шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретіндердің бәрі қатаң жауапқа тартылады - Тоқаев
Шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретіндердің бәрі қатаң жауапқа тартылады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты ұлықтау рәсімінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат . «Басты міндет – іскер азаматтарымыздың кәсіпкерлік рухына зиянын тигізетін жасанды кедергілер мен шектеулердің бәрін жою. Кәсіпкерлер бизнеске жүргізілетін себепсіз тексерулерді біржолата ұмытуы қажет. Олар тек салық органдарының алдында ғана есеп береді», - деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен бизнес – сенімді серіктестер екендігін баса айтты. «Шағын және орта бизнестің дамуына заңсыз кедергі келтіретіндердің бәрі заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылады. Біз ауқымды индустрияландыруды, инфрақұрылымдарды салуды және жаңғыртуды қолға аламыз. Кең байтақ еліміздің әр өңірінің дамуына тың серпін беру маңызды», - деді Мемлекет басшысы.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар