дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 16:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шаңырақ күні: Жамбылда жаңа босанған аналар мен сәбилерге сыйлықтар табыс етілді

Шаңырақ күні: Жамбылда жаңа босанған аналар мен сәбилерге сыйлықтар табыс етілді
jambylinfo.kz.
Қазақстандағы Наурызнама онкүндігінің төртінші күні - «Шаңырақ күні». Айтулы күні Жамбыл аудандық перзентханасында 2 сәби өмірге келді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бүгін  Жамбыл аудандық аурухананың перзентхана бөлімінде 2 сәби дүниеге келді. Осыны ескерген аудандық аурухана мен аудан әкімдігі сәбилі болған аяулы аналарды құттықтауды да назардан тыс қалдырмады.

Нақтырақ айтар болсақ, аудандық аурухана бас дәрігерінің ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Айгүл Абилдаева мен аудан әкімдігінің өкілі Бақытжан Құтжан 2 ананы перзентханаға барып құттықтап, сыйлықтарын табыстады. 

Сәбиін бауырына аман-есен басқан жас аналар ақ халаттыларға алғаусыз алғысын білдірді.

– Отбасы күні мерекесі қарсаңында дүние есігін ашқан сәбилер туған жеріміздің мақтанышына айналар тұлға болсын. Сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін, – деді Айгүл Ержанқызы жылы лебізін білдіріп.

Айта кетейік, жыл басынан бері аудандық ауруханада 25 бала дүние есігін 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар