Жаңалықтар
Шақырту кезінде дәрігер терезеден құлап көз жұмды
- авторБақытжан Бекболат
- 10 қыркүйек, 2025
- 478
Бұл туралы Mash телеграм арнасы мәлімдеді
Мәскеуде жедел жәрдем дәрігері жұмбақ жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға түнде қала батысындағы элиталық тұрғын үй кешенінде тіркелген. Дәрігер әріптестерімен бірге 18-қабаттағы пәтерге науқас балаға жедел көмек көрсетуге барған.
Біраз уақыттан соң дәрігердің терезеден құлап түскені белгілі болды. Оның құлауына не себеп болғаны әзірге айтылған жоқ.
Кешеннің консьержі жедел жәрдем тобының пәтерге кіргенін көргенін жеткізген. Кейін тағы бір жедел жәрдем көлігі келген. Ол құлаған дәрігерге алғашқы көмек көрсету үшін шақырылған. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
403 педагог республикалық кадр резервіне қабылданды
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
"Сақ стиліндегі" 500 теңгелік жаңа банкнота айналымға шықты
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 желтоқсан, 2025






