Шахмат ойыны мектеп бағдарламасына факультативті пән ретінде енгізіледі
Шахмат ойыны мектеп бағдарламасына факультативті пән ретінде енгізіледі
Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасовтың айтуынша, пилоттық жоба Павлодар, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласындағы мектептерде оң нәтиже көрсеткен. Барлық ғылыми тәсілдер бойынша шахматтың бала дамуына оң әсер ететіндігі дәлелденген. 1-4 сыныптың оқу бағдарламасына шахматты енгізу жұмысына білім саласы мамандары мен мектеп, ЖОО оқытушылары тартылған. Мектеп оқушыларына шахмат үйрету орыс және қазақ тілдерінде өтеді.