Шахтинск шахтасындағы апат: Қаза болған кеншілердің отбасына пәтер беріледі
Шахтинск шахтасындағы апат: Қаза болған кеншілердің отбасына пәтер беріледі
«Қайтыс болған кеншілердің отбасына әкімдік тарапынан қажетті көмек көрсетіледі. Ұжымдық еңбек шартына сәйкес, бұл отбасыларға шахтерлердің 10 жылдық еңбекақысы төленеді. Сондай-ақ несиесін жабу, балаларын оқыту секілді көмек көрсетіледі. Биылдан бастап ұжымдық шартта зардап шеккендердің отбасыларына қосымша баспана алып беру шарасы енгізілген. Әрбір отбасыға қосымша пәтер беріледі», - деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте.