Жаңалықтар

«Шамамен 300-400 ірі қара өлді»: Жамбылдық шаруалар министрлерді ауылға шақырды

«Шамамен 300-400 ірі қара өлді»: Жамбылдық шаруалар министрлерді ауылға шақырды

Жамбыл облысының шаруалары Экология мен Ауыл шаруашылығы министрлерін ауылдарына қонаққа шақырды. Айтуларынша, Сарысу ауданындағы су тапшылығынан өрісте өлген мал саны еселеп артқан, деп хабарлады 31 арна. Шаруалардың айтуынша, су тапшы болғандықтан шабындықта орарға шөп қалмаған. Құрғақшылықтан жайылым да қураған. Енді олар 6 жылдан бері қыспаққа алған қуаңшылықтан қырылған төрт түліктің көбейгеніне қатты алаңдап отыр.

Бұл ретте тұрғындар қуаңшылықты қолдан жасалды деп отыр. Айтуларынша, бар суды игеруге әкімдіктің икемі жоқ екен. Сарысудың сусыз солып бара жатқанын білу көп білімді талап етпейді. Ал аудан басшылығы бұл мәселені бүгін білгендей. Жағдайды күнде көріп жүрсе де, шаруалар шағым айтпаған соң іске кіріспеген. Сондай-ақ олар өрісте өлген малдан ауру тіркелмегенін айтады.

Осылайша әкімдік бар шаруаны «ҚазСуШар» мекемесінің меншігіне өткізуге құлықты. Өйткені басқа шешім жоқ дейді. Ал шаруалар бұл мәселені кім шешсе де ертерек болғанын күтеді.