бейсенбі, 3 сәуір, 2025 2:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шаруалар көктемгі егіс жұмыстарына 400 мың тоннадан астам жеңілдетілген дизель отынын алады

Шаруалар көктемгі егіс жұмыстарына 400 мың тоннадан астам жеңілдетілген дизель отынын алады
Фото: Үкімет
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері көктемгі егіс науқаны үшін 401 мың тонна дизель отынын бөлу кестесін бекітті. Шаруаларға отын 1 ақпан мен 30 маусым аралығында жеткізіледі,  - Jambylinfo.kz

Энергетика министрінің мәліметінше, соңғы екі жылда дизель отынының бағасы литріне 228 теңге деңгейінде сақталған. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін ҚҚС есебімен баға литріне 250 теңгеге дейін жетеді. Ал жеткізу операторларының маржасы литріне 22 теңгені құрайды, бұл жанармай құю стансаларының операциялық шығындарынан айтарлықтай жоғары.

«2025 жылғы 30 қаңтарда АИ-92 және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу күшінен алынды. Энергетика министрлігі ұсынатын дизель отынының қазіргі  бағасы тағайындалған станцияға дейін литріне 232 теңгені құрайды.Түпкі бағаны операторлар белгілейді және литріне 254 теңге  құрауы мүмкін, бұл литріне 45 теңгеге арзан немесе АЖҚС бөлшек сауда бағасынан 15 % төмен»,
—  деді Алмасадам Сатқалиев.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар