жұма, 11 қазан, 2024 5:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шарын шатқалында 7 адам жоғалып кеткен

Шарын шатқалында 7 адам жоғалып кеткен
ашық дереккөзі
Шарын шатқалында 7 адам жоғалып кеткен
Шарын шатқалында бір топ турист құтқарылды, деп хабарлайды Jambylinfo ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«9 қазан күні сағат 22:05-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Алматы облысы Ұйғыр ауданында орналасқан Шарын шатқалының қамал алқабынан 2 шақырым жерде 7 адам (5 ер және 2 әйел) жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Олар 8 қазан күні Bicycle Adventure club туристік агенттік гидінің басшылығымен Алматы қаласынан кеткен. Белгілі болғандай, туристер Алматы қаласынан Шарын шатқалына туристік агенттіктің автобусымен барып, әрі қарай жаяу гидпен жолға шыққан.
Оқиға орнына дереу құтқарушылар жіберілді. Іздестіру жұмыстарына 100-ге жуық адам жұмылдырылды. Түні бойы жүргізілген іздеу нәтиже бермегендіктен, таңертең тікұшақтың ұшуы жоспарланған болатын. «10 қазан күні сағат 08:30-да жоғалып кеткен туристер табылып, қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Оларға медициналық көмек қажет болмады», - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті өзінің туристік бағыттарын жоспарлау кезінде төменде көрсетілген ережелерді орындау керектігін ескертеді: 1. Туристік маршрутқа шықпас бұрын міндетті түрде Алматы облысы ТЖД іздестіру-құтқару бөлімшесіне тіркеліп, департамент қызметкерлерін келесі электрондық мекенжайлар бойынша хабардар етіңіз: edds_dchs_almob@emer.kz, od_dchs_almob@emer.kz, Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы кезекшісінің телефондары: 8(7277)2 50450, 8(7282) 221591 және 8(7282) 223852, сондай-ақ 112. Байланыс телефондары мен маршрут сызбасын көрсетіңіз, сондай-ақ кету және келу күндерін және басқа да қажетті ақпаратты хабарлаңыз. 2. Қажет болған жағдайда құтқарушыларды шақыру үшін ұялы байланыс аймағын ескере отырып, маршрутты жоспарлау керек. 3. Қозғалыс басталмас бұрын, ауа райы жағдайлары мен кедергілердің ықтималдығын ескеріп, ықтимал қауіптерді мұқият бағалау керек. Ауа райы нашарлаған кезде жоғары көтерілудің орнына төмен түсіңіз. 4. Егер сіз достарыңызбен немесе компаниямен саяхаттасаңыз, көпшілікпен бірге болғаныңыз жөн. Дәрі-дәрмектердің қажетті қоры бар медициналық қобдиша болуы керек. 5. Өзіңізбен бірге компас алыңыз. Осы қарапайым ережелерді есте сақтай отырып, сіз төтенше жағдайлардың алдын аласыз.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар