Шашын түрлі түске бояған оқушылар мектепке кіре ала ма?
- авторjambylinfo.kz
- 26 тамыз, 2024
- 2.6k
Оқушылардың шашын бояуға қатысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ulysmedia.kz. тілшісінің: «Оқушылар шаштарын бояп мектепке баратын болды. Осыған байланысты белгілі бір шектеу қойыла ма?» деген сұрағына Оқу ағарту министрі Ғ.Бейсембаев нақты шектеу қойылатынын айтпаса да, ұзақтан әкеліп жауап берді.
«Биылдан бастап мектептің ішкі тәртіп-ережесі бар. Мектептің негізгі миссиясы сапалы білім, саналы тәрбие беру болып табылады»,- деп бастаған министрдің нақты жауабын шыдамсыздана күткен журналист «яғни, болмайды ғой? Болмасын дейсіз ғой?» дейді.
«Әрине» деген министр оқушының ала-құла етіп шаш бояуына тыйым салынатынын, салынбайтынын нақты айтпады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қарулы күштерде әскери қызметшілерді мамандық бойынша дайындау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем кімдерге беріледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025






