жұма, 23 мамыр, 2025 23:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Шатырдағы екеу" фильмі халықаралық фестивальдің 9 жүлдесін жеңіп алды

"Шатырдағы екеу" фильмі халықаралық фестивальдің 9 жүлдесін жеңіп алды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады,

Қазақстандық "Шатырдағы екеу" фильмі Мәскеуде өткен Fashion Film Festival фестивалінде 9 номинация бойынша үздік деп танылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кинотуынды Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

Байқау кино мен визуал өнер саласындағы шығармашыл мамандардың басын қосты. Оған Ресей, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Латвия, Армения және Израиль елдері қатысты.

Отандық туынды үздік костюм (Елена Айтова), үздік музыка (Виктор Сологуб), екінші пландағы үздік әйел рөлі (Ольга Ландина), операторлық жұмыс (Александр Плотников), дыбыс режиссурасы (Руслан Сакиев), басты әйел рөлі (Лидия Ярышева), үздік грим (Татьяна Жамбакеева), продюсерлік жұмыс (Алия Шарипбаева) және креативті концепция (Гүлшат Смағұлова) аталымдары бойынша марапатталды.

"Шатырдағы екеу" – режиссер Гүлшат Смағұлованың тұңғыш режиссерлік жұмысы. Ол 15 жылдан астам кино өндірісі саласында жұмыс істеп келеді.

Фильм өткен жылы қазақ және орыс тілдерінде прокатқа шықты. Туындыда тағдыры қиындыққа толы жас жігіт Дамир мен аутизм дертіне шалдыққан жасөспірім Костяның арасындағы достық баяндалады.

Шығармашылық топ картинада инклюзияның маңызын және ерекше балалардың қоғамға бейімделу мәселесін көтерген.

Түсірілім Алматы қаласында және Алматы облысындағы Талғар ауданында өткен.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар