Жаңалықтар

Шавкат Рахмонов UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді

Шавкат Рахмонов UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді

UFC 285 турнирі аясында қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов пен американдық Джефф Нил кездесті. Лас-Вегаста өткен айқаста жерлесіміз жеңіске жетті. Нилмен кездесу алдында Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде 9-орынға көтерілген болатын. Қазақстандық спортшының еншісінде 17 жеңіс бар, барлығын мерзімінен бұрын аяқтаған.  Ал американдық 15 рет қарсыласынан басым түссе, бүгін бесінші рет жеңіліс құшты.