Жаңалықтар

Шайбалы хоккейден Финляндия құрамасы әлем чемпионы атанды

Шайбалы хоккейден Финляндия құрамасы әлем чемпионы атанды

Бүгін шайбалы хоккей финалында Финляндия және Канада құрамалары кездесті. Ойынның 44-минутында Микаэль Гранлунд таразы басын теңестірсе, 45-минутта өз құрамасын алға шығарды. Ал, финляндиялық Йоэль Армиа 54-минутта басымдықты арттырды. Канадалық Зак Уайтклауд 57-минутта есеп айырмасын қысқартса, 58-минутта Макс Комтуа таразы басын теңестірді. Негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда финляндиялық Сакари Маннинен жеңіс шайбасын соқты. Нәтижесінде, Финляндия әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Осылайша, олар өзінің тарихында төртінші мәрте жеңімпаз тұғырына көтерілді. Ал, 3-орын үшін сайыста Чехия хоккейшілері АҚШ құрамасын 8:4 есебімен сүріндірді. Айта кетсек, әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өтті. Еске салсақ, биыл Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты топ-дивизионда А тобында жетінші орын алып, үздіктер қатарындағы деңгейін сақтап қалды.