Шенеуніктер іс-сапар мен форумдарға баруды қысқартатын болды
Түрлі ұйымдарға бюджет есебінен жаздыратын мақалалар мен зерттеулер де тексеріледі
Қаржы министрі Мәди Тәкиев бюджеттің шығыстары қалай қысқартылатынын түсіндірді. Қысқартуға мемлекеттік қорғаныс тапсырысы, жәрдемақы мен зейнетақы сияқты әлеуметтік блокқа бөлінетін шығыстар ілінбейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Тәкиевтің айтуынша, қазір бюджет шығыстары 24 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысы, жәрдемақы мен зейнетақы сияқты әлеуметтік блокқа бөлінетін шығыстарға ешкім тиіспейді.
.
Журналистер Қаржы министрінен «жақында цифрлық даму министрі Бағдат Мусин ІТ-форум өткіземіз деп жариялады. Қаншама халықарлық ұйымдаршы шқырмақшы» деп сұрады. Тәкиев бұл ақпаратты тексеріп, бюджеттен форумдарға бөлінетін қаржыны есептеп келуге уәде берді.
Өткен аптада премьер-министр Олжас Бектенов бюджет шығыстары толығымен экономикалық табыс әкелуге бағытталып, өнімсіз шығыстар толығымен жойылуы керек екенін мәлімдеді. Үкімет басшысы қаржы министрлігіне 10 күн ішінде республикалық бюджетке және бір ай ішінде жергілікті бюджеттердің барлығына ревизия жүргізіп, аса маңызы жоқ шығыстарды айтарлықтай қысқарту туралы тапсырма берді.
«Ешкім де ақшаны орынсыз шашпауы керек",- деді премьер.